Алматы қаласы Бiлiм басқармасы...

Алматы қаласы Бiлiм басқармасы көрсететiн "Үздiк педагог" атағын беру және мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Алматы қаласы Бiлiм басқармасы көрсететiн "Үздiк педагог" атағын беру және мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 11 қарашадағы № 4/619 қаулысы. Алматы қаласы Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 09 желтоқсанда № 1234 болып тiркелдi

 

"Вечерний Алматы" от 12.12.2015 ж. № 152-153 (12989-12990); "Алматы Ақшамы" 12.12.2015 ж. № 153 (5187); Информационно-правовая система "Әдiлет" 15.12.2015 г.; "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесi 15.12.2015 ж.


 

      РҚАО-ның ескертпесi.
      Құжаттың мәтiнiнде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңдарының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 8 сәуiрдегi № 173 «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн «Үздiк педагог» атағын беру және мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Үздiк педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау»;
      2) «Мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерi бекiтiлсiн.
      2. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Алматы қаласының әкiмi           Б. Байбек

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 11 қарашадағы № 4/619
қаулысымен бекiтiлдi

«Үздiк педагог» атағын беру конкурсына қатысу
үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Үздiк педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (бұдан әрi – Регламент) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 8 сәуiрдегi № 173 бұйрығымен бекiтiлген «Үздiк педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Үздiк педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Алматы қаласы Бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны – қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - «Үздiк педагог» атағын беру, куәлiк, төсбелгi тапсыру және 1000 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде сыйақы төлеу.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны – қағаз түрiнде.
      4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) iс-әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн өтiнiштi және Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алуы мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) аудандық конкурстық комиссиясының көрсетiлетiн қызметтi алушыдан конкурстың I кезеңiне (аудандық) қатысу үшiн өтiнiш пен құжаттарды қабылдау, рәсiмнiң ұзақтығы – 20 минут;
      2) қалалық конкурстық комиссиясының аудандық конкурстық комиссиясы ұсынған құжаттар мен I кезең (аудан) жеңiмпаздарының II кезеңге (қалалық) қатысуы үшiн ұсынымын қабылдау, рәсiмнiң ұзақтығы – 20 минут;
      3) республикалық конкурстық комиссиясының қалалық конкурстық комиссиясы ұсынған құжаттар мен II кезең (қалалық) жеңiмпаздарының III кезеңге (республикалық) қатысуы үшiн ұсынымын қабылдау, рәсiмнiң ұзақтығы – 20 минут;
      4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң, рәсiмнiң ұзақтығы – жыл сайын 30 қыркүйекке дейiн.
      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) Аудандық конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың кәсiби қызметтегi жетiстiктерiн бағалау үшiн отырысын жүргiзу және конкурстың I кезеңi (аудандық) жеңiмпазын анықтауы, рәсiмнiң ұзақтығы – жыл сайын 1 сәуiрден 30 сәуiрге дейiн;
      2) қалалық конкурстық комиссиясының аудандық конкурстық комиссиясы ұсынған құжаттар мен I кезең (аудан) жеңiмпаздарының II кезеңге (қалалық) қатысуы үшiн ұсынымын қарауы, рәсiмнiң ұзақтығы – жыл сайын 1 мамырдан 31 мамырға дейiн;
      3) республикалық конкурстық комиссиясының қалалық конкурстық комиссиясы ұсынған ұсыным мен II кезең (қалалық) жеңiмпаздарының жетiстiктерiн қарауы, рәсiмнiң ұзақтығы – жыл сайын 30 қыркүйекке дейiн;
      4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы – жыл сайын 30 қыркүйекке дейiн.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) өзара әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      аудандық конкурстық комиссия;
      қалалық конкурстық комиссия;
      республикалық конкурстық комиссия.
      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара рәсiм(iс-қимыл) тәртiбiнiң сипаттамасы:
      1) аудандық конкурстық комиссия көрсетiлетiн қызметтi алушыдан конкурстың I кезеңiне (аудандық) қатысу үшiн өтiнiш пен құжаттарды қабылдайды, ұсынылған құжаттарды қарайтын және конкурсқа қатысушылардың кәсiптiк қызметтегi жетiстiктерiн бағалап, отырысын өткiзедi, отырыстың қорытындысы бойынша конкурстың I кезеңiнiң (аудандық) жеңiмпазын анықтайды, содан кейiн қалалық конкурстық комиссияның қарауына конкурстың I кезеңi (аудандық) жеңiмпазының конкурстың II (қалалық) кезеңiне қатысуы үшiн ұсынымды жолдайды, рәсiмнiң ұзақтығы - жыл сайын 1 сәуiрден 30 сәуiрге дейiн;
      2) қалалық конкурстық комиссия құжаттар мен конкурстың I кезеңiнiң (аудандық) жеңiмпаздарының конкурстың II кезеңiне (қалалық) қатысу үшiн ұсынымдар келiп түскеннен кейiн, ұсынылған ұсынымдарды қарайтын отырысын өткiзедi және конкурстың I кезеңi (аудандық) жеңiмпаздарының кәсiптiк қызметтегi жеттiстiктерiн бағалайды, отырыс қорытындысы бойынша конкурстың II кезеңiнiң (қалалық) жеңiмпазын анықтайды, содан кейiн республикалық конкурстық комиссияның қарауына конкурстың II кезеңi (қалалық) жеңiмпазының конкурстың III (республикалық) кезеңiне қатысуы үшiн ұсынымды жолдайды, рәсiмнiң ұзақтығы - жыл сайын 1 мамырдан 31 мамырға дейiн;
      3) республикалық конкурстық комиссия құжаттар мен конкурстың II кезеңiнiң (қалалық) жеңiмпаздарының конкурстың III кезеңiне (республикалық) қатысу үшiн ұсынымдар келiп түскеннен кейiн, ұсынылған ұсынымдарды қарайтын отырысын өткiзедi және конкурстың II кезеңi (қалалық) жеңiмпаздарының кәсiптiк қызметтегi жеттiстiктерiн бағалайды, отырыс қорытындысы бойынша конкурстың III кезеңi (республикалық) жеңiмпазын анықтайды, «Үздiк педагог» атағын бередi, куәлiктi, төсбелгiнi тапсырады және 1000 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде сыйақы төлейдi, рәсiмнiң ұзақтығы - жыл сайын 30 қыркүйекке дейiн.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет үш кезеңнен тұрады.
      I кезең – бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi аудандық және қалалық бiлiм бөлiмдерiне құжаттар топтамасын тапсырған кезде – жыл сайын 1 сәуiрге дейiн;
      II кезең – аудандық және қалалық бiлiм бөлiмдерiнiң өкiлдерi алдыңғы кезеңде таңдап алынған құжаттар топтамасын облыстық бiлiм басқармаларына тапсырған кезде – 1 мамырға дейiн;
      III кезең – облыстық бiлiм басқармалары, Республикалық мектептер өкiлдерi Министрлiкке құжаттарды тапсырған кезде – 30 тамызға дейiн.
      құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
      қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
      11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн жүзеге асырылады.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы, құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Үздiк педагог» атағын беру
конкурсына қатысу үшiн құжаттар
қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентiне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы

 

 

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 11 қарашадағы № 4/619
қаулысымен бекiтiлдi

«Мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары
лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшiн
құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (бұдан әрi – Регламент) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 8 сәуiрдегi № 173 бұйрығымен бекiтiлген «Мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Алматы қаласы Бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарды қабылдау және нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады
      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны – қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемесiнiң басшысы лауазымына орналасу конкурсына қатысушының бос лауазымының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы конкурстық комиссияның шешiмi болып табылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны – қағаз түрiнде.
      4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) iс-әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн өтiнiштi және Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алуы мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасымен құжаттарды қабылдау және өтiнiштi тiркеу, рәсiмнiң ұзақтығы - 20 минут;
      2) конкурсқа қатысушылардың бiлiктiлiгiн бағалау, бiлiк талаптарына талаптарына сай келетiн кандидаттармен әңгiмелесулер өткiзу рәсiмнiң ұзақтығы – күнтiзбелiк 30 күн.
      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) конкурқа қатысу туралы өтiнiштiң көшiрмесiне құжаттар топтамасының қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлген белгi соғу;
      2) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) өзара әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң конкурстық комиссиясы.
      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара рәсiм (iс-қимыл) тәртiбiнiң сипаттамасы:
      1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы өтiнiштi тiркеудi жүзеге асырады құжаттарды қабылдау кезiнде конкурқа қатысу туралы өтiнiштiң көшiрмесiне құжаттар топтамасының қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлген белгiнi соғады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң конкурстық комиссиясына қарауға бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 20 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң конкурстық комиссиясы:
      құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде комиссия қатысушылардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн бағалауды жүргiзедi, бағалаудың қорытындысы бойынша дауыс беру жолымен бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн кандидаттардың тiзiмiн бекiту туралы және (немесе) әңгiмелесуге жiберуден бас тарту туралы шешiмдер қабылдайды;
      кандидаттардың тiзiмiн бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн конкурсқа қатысушыларды кандидат ретiнде бекiту туралы, әңгiмелесу өтетiн күн, уақыты және орыны туралы хабардар етедi және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiн конкурсқа қатысушыларды әңгiмелесуге жiберуден бас тарту туралы хабардар етедi;
      бiр жұмыс күнi iшiнде кандидаттармен лауазымға функционалдық мiндеттердi орындауына қажеттi кәсiби бiлiмдерiн анықтау мақсатында
әңгiмелесу жүргiзедi;
      әңгiмелесуден кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде кандидаттардың қатысуынсыз ашық дауыс беру жолымен кандидаттың бiреуiнiң орта бiлiм беру мекемесiнiң басшысының бос лауазымының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы шешiм қабылдайды және қорытынды конкурстың хаттамасын әзiрлейдi;
      әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оның нәтижелерi туралы жазбаша хабарлайды және хабарламамен бiрге кандидаттарға көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мөрiмен куәландырылған комиссия отырысы хаттамасының көшiрмесi жiберiледi;
      конкурстық iрiктеудiң қорытындылары бойынша ұйымның басшысына конкурстың жеңiмпазын орта бiлiм беру мекемесi басшысының лауазымына қабылдау туралы ұсыныммен қоса комиссияның шешiмiн енгiзедi.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 күн;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
      3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
      11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн жүзеге асырылады.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы, құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң
басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына
қатысу үшiн құжаттарды қабылдау»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы