Арнайы бiлiм беру саласындағы ...

Арнайы бiлiм беру саласындағы Алматы қаласы Бiлiм басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Арнайы бiлiм беру саласындағы Алматы қаласы Бiлiм басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 13 шiлдедегi № 3/437 қаулысы. Алматы қаласы Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 30 шiлдеде № 1184 болып тiркелдi

 

"Алматы Ақшамы" 08.08.2015 ж. № 95-96 (5130); "Вечерний Алматы" от 08.08.2015 г. № 95 (12932); "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесi 05.08.2015 ж.; Информационно-правовая система "Әдiлет" 05.08.2015 г.


 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 8 сәуiрдегi № 174 «Арнайы бiлiм беру саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
      2) «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
      3) «Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
      4) «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
      5) «Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшiн мүмкiндiктерi шектеулi балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы бiлiм беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.
      2. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Алматы қаласы
      әкiмiнiң мiндетiн атқарушы                 Ю. Ильин

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 13 шiлдедегi
№ 3/437 қаулысымен бекiтiлдi

«Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру
және оларға консультациялық көмек көрсету»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi «Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 8 сәуiрдегi № 174 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету»мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Алматы қаласы Бiлiм басқармасының «Алматы қалалық мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған қоғамға бейiмдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
       Өтiнiш қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.
      3. Көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi ұсынылатын оқыту, медициналық және әлеуметтiк қызметтердi, бiлiм беру бағдарламасының нысаны көрсетiлген жазбаша қорытынды болып табылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
      4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы).

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекет
тәртiбiнiң сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алуы мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерiмен құжаттарды қабылдау және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандарының қарауына беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 1 сағат.
      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандарының мүмкiндiктерi шектеулi балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуi және тексеруi;
      2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға ұсынылатын оқыту, медициналық және әлеуметтiк қызметтердi, бiлiм беру бағдарламасының нысаны көрсетiлген жазбаша қорытындыны беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
өзара әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерi;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандары.
      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiн сипаттау:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандарына бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандары ұсынылған құжаттарды қарайды және Стандарттың 9 тармағына сәйкестiгiн тексередi, алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерудi және консультация берудi жүргiзедi, кейiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға ұсынылатын оқыту, медициналық және әлеуметтiк қызметтердi, бiлiм беру бағдарламасының нысаны көрсетiлген жазбаша қорытындыны бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 1 сағат, алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру сәтiнен бастап, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерудi күту – күнтiзбелiк 30 күн.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) алдын ала жазылу журналына тiркелу – 15 минуттан аспайды;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар пакетiн тапсырған және алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру сәтiнен бастап, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерудi күту – күнтiзбелiк 30 күн;
      3) алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерудi өткiзу – 1 (бiр) сағат;
      4) көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар пакетiн тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұма күндерi, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн үзiлiссiз, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен, жүзеге асырылады.
      Телефон және/немесе тiкелей жүгiну арқылы алдын ала жазылу қарастырылған.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды
психологиялық-медициналық-педагогикалықтексеру
және оларға консультациялық көмек көрсету»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметрегламентiне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы

 

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 13 шiлдедегi
№ 3/437 қаулысымен бекiтiлдi

«Дамуында проблемалары бар балалар мен
жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк
бейiмдеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентi

1.Жалпы ережелер

      1. Осы «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 8 сәуiрдегi № 174 бұйрығымен бекiтiлген «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Алматы қаласы Бiлiм басқармасының «Алматы қалалық мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған қоғамға бейiмдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiш қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi Стандартқа қосымшаға сәйкес берiлген нысан бойынша анықтама болып табылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
      4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы).

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) iс-әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алуы мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерiнiң құжаттарды қабылдауы, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға Стандарттың қосымшасына сәйкес берiлген нысан бойынша анықтама беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 60 минут.
      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясына беру;
      2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға Стандарттың қосымшасына сәйкес берiлген нысан бойынша анықтама беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерi;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясы.
      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiн сипаттау:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясына бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарайды және Стандарттың 9 тармағына сәйкестiгiн тексередi, ұсынылған құжаттарды тексерiп, талдау жасағаннан кейiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға Стандарттың қосымшасына сәйкес берiлген нысан бойынша анықтаманы бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 60 минут.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге мүмкiндiгi шектеулi балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзетуге және әлеуметтiк оңалтуға құжаттар пакетiн тапсырған сәттен бастап – 60 минут;
      мүмкiндiгi шектеулi балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтiк оңалту курстарынан өту үшiн күнтiзбелiк 90 күннен бастап күнтiзбелiк 365 күнге дейiн;
      2) құжаттар пакетiн тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды;
      3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұма күндерi, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн үзiлiссiз, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен, жүзеге асырылады.
      Телефон және/немесе тiкелей жүгiну арқылы алдын ала жазылу қарастырылған.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Дамуында проблемалары бар балалар
мен жасөспiрiмдердi оңалту және
әлеуметтiк бейiмдеу» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентiне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы

 

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 13 шiлдедегi
№ 3/437 қаулысымен бекiтiлдi

«Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды тәрбиелеп
отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 8 сәуiрдегi № 174 бұйрығымен бекiтiлген «Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Алматы қаласы Бiлiм басқармасының «Алматы қалалық мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған қоғамға бейiмдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiш қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi мүмкiндiгi шектеулi балаларды тәрибелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету жөнiндегi қорытынды болып табылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
      4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы).

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алуы мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiге Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынуы, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандарының қарауына құжаттарды беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      3) мемлекеттiк қызметтiң көрсету нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 60 минут.
      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң құжаттарды қабылдауы;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандарымен психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру жүргiзу;
      3) мүмкiндiгi шектеулi балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету жөнiндегi жазбаша қорытындыны беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерi;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандары.
      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiн сипаттау:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерiқұжаттарды қабылдайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандарына бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандары ұсынылған құжаттарды қарайды және Стандарттың 9 тармағына сәйкестiгiн тексередi, ұсынылған құжаттарды тексерiп, талдау жасағаннан кейiн психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру жүргiзедi және мүмкiндiгi шектеулi балаларды тәрибелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету жөнiндегi жазбаша қорытындыны бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 60 минут.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) мүмкiндiгi шектеулi балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар пакетiн тапсырылған сәтiнен бастап 60 минуттан аспайды;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiге көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттар пакетiн тапсыруы үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетуiнiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды.
      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұма күндерi, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн үзiлiссiз, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен, жүзеге асырылады.
      Алдын ала жазылу және жеделдетiлген қызмет көрсету көзделмеген.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды
тәрбиелеп отырған отбасыларға
консультациялық көмек көрсету»
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентiне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы

 

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 13 шiлдедегi
№ 3/437 қаулысымен бекiтiлдi

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм
беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ
уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке
тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 8 сәуiрдегi № 174 бұйрығымен бекiтiлген «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Алматы қаласының бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдары арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiш қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi: құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркiн нысанда).
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
      4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы).

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алу мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынуы, рәсiмнiң ұзақтығы – 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қарауына құжаттарды беруi, рәсiмнiң ұзақтығы – 15 минут;
      3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы – 3 жұмыс күнi.
      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң құжаттарды қабылдауы;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды қарауы;
      3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерi;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы.
      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiн сипаттау:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерi өтiнiштi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi тiркеу журналына тiркеудi жүзеге асырады және көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қарауына бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестiгiн тексередi, ұсынылған құжаттарды тексерiп, талдау жасағаннан кейiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға құжаттарды қабылдау туралы қолхатты (еркiн нысанда) бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 3 жұмыс күнi.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күнi;
      2) көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсыруы үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
      3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесi бойынша демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi – сенбi аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.00-ға дейiн жүзеге асырылады.
      Алдын ала жазылу және жеделдетiп қызмет көрсету қарастырылмаған.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта
бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына
байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын
балаларды үйде жеке тегiн оқытуды
ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы

 

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 13 шiлдедегi
№ 3/437 қаулысымен бекiтiлдi

«Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары
бойынша оқыту үшiн мүмкiндiктерi шектеулi
балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы
бiлiм беру ұйымдарына қабылдау»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшiн мүмкiндiктерi шектеулi балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы бiлiм беру ұйымдарына қабылдау»мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет  регламентiҚазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 8 сәуiрдегi № 174 бұйрығымен бекiтiлген «Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшiн мүмкiндiктерi шектеулi балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы бiлiм беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшiн мүмкiндiктерi шектеулi балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы бiлiм беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Алматы қаласының арнайы бiлiм беру ұйымдары, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдары арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiш қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi: арнайы бiлiм беру ұйымына немесе бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылданғаны туралы бұйрық.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
      4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы).

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алуы мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынуы, рәсiмнiң ұзақтығы – 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қарауына құжаттарды беруi, рәсiмнiң ұзақтығы – 15 минут;
      3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
      арнайы бiлiм беру ұйымына, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылдау үшiн – 30 тамыздан кешiктiрмей, бiрiншi сыныпқа – 1 шiлдеден бастап 30 тамыз аралығында.
      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң құжаттарды қабылдауы;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды қарауы;
      3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерi;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы.
      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiн сипаттау:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы өтiнiш түскен соң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi тiркеу журналына тiркеудi жүзеге асырады, құжаттарды қабылдау кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға мынадай мәлiметтердi көрсетiп, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi: сұраныстың нөмiрi мен қабылданған күнi, сұралатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi, қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы, құжаттар берiлетiн күнi (уақыты) және орны, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған қызметкерiнiң аты-жөнi әкесiнiң аты және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына ұсынады, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестiгiн тексередi, ұсынылған құжаттарды тексерiп, талдау жасағаннан кейiн арнайы бiлiм беру ұйымына немесе бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығарады, рәсiмнiң ұзақтығы - 30 тамыздан кешiктiрмей, бiрiншi сыныпқа – 1 шiлдеден бастап 30 тамыз аралығында;
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
      арнайы бiлiм беру ұйымына, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылдау үшiн – 30 тамыздан кешiктiрмей, бiрiншi сыныпқа – 1 шiлдеден бастап 30 тамыз аралығында.
      2) көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсыруы үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
      3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiмен – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбi күндерi аралығында, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн үзiлiссiз, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен, жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары
бойынша оқыту үшiн мүмкiндiктерi шектеулi
балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы
бiлiм беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентiне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы