Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқ...

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласында Алматы қаласы Бiлiм басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласында Алматы қаласы Бiлiм басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 07 тамыздағы № 3/500 қаулысы. Алматы қаласы Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 14 қыркүйекте № 1204 болып тiркелдi

 

"Алматы Ақшамы" 22.09.2015 ж. № 114 (5148); "Вечерний Алматы" от 22.09.2015 г. № 113 (12950); "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесi 21.09.2015 ж.; Информационно-правовая система "Әдiлет" 21.09.2015 г.


 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 7 сәуiрдегi № 172 «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласында жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес Aлматы қаласының әкiмдiгi ҚAУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
      2) «Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.
      2. Күштерi жойылды деп танылсын:
      1) Aлматы қаласы әкiмдiгiнiң «Мектепке дейiнгi және орта бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» 2014 жылғы 23 маусымдағы № 2/498 қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1074 болып тiркелген, 2014 жылғы 2 тамызда «Вечерний Aлматы», «Aлматы ақшамы» газеттерiнде жарияланған);
      2) Aлматы қаласы әкiмдiгiнiң «Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» 2014 жылғы 9 шiлдедегi № 3/562 қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1078 болып тiркелген, 2014 жылғы 30 тамызда «Вечерний Aлматы», «Aлматы ақшамы» газеттерiнде жарияланған).
      3. Aлматы қаласы Бiлiм басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Aлматы қаласы әкiмiнiң орынбасары З. Aманжоловаға жүктелсiн.
      5. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Aлматы қаласының әкiмi                 A. Есiмов

Aлматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 08 тамыздағы
№ 3/500 қаулысымен
бекiтiлдi

«Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу
үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды
кезекке қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (бұдан әрi - Регламент) «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 7 сәуiрдегi № 172 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi - Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Aлматы қаласы Бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi арқылы көрсетiледi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушi;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - ХҚКО);
      3) «электрондық үкiмет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрi - ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мектепке дейiнгi балалар ұйымына жолдама беру, мектепке дейiнгi ұйымдарда орын болмаған жағдайда кезектiлiк нөмiрi көрсетiлген кезекке қою туралы хабарлама беру болып табылады.
      ЭҮП арқылы жүгiнгенде көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi және (немесе) «жеке кабинетке» қызмет көрсетушiнiң уәкiлеттi тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасы қойылған электронды құжат түрiндегi хабарламасы жiберiледi.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiне қағаз тасымалдағышпен жүгiнгенде, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электронды нысанда ресiмделедi, басып шығарылады, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының мөрiмен және қолымен куәландырылады.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
      4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.
      Бiрiншi кезектi орынды алуға мыналар құқылы:
      1) заңды өкiлдерi мүгедек болып табылатындардың балалары;
      2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
      3) жетiм балалар;
      4) көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
      5) әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердiң балалары;
      6) арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң, оның iшiнде қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкерлердiң балалары.
      5. Осы Регламентте қолданылатын түсiнiктер мен қысқартулар:
      1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрi - AЖО);
      2) ақпараттық жүйе (бұдан әрi - AЖ) - аппараттық-бағдарламалық кешендi қолдану арқылы ақпаратты сақтау, өңдеу, iздестiру, тарату, жеткiзу және тапсыру үшiн арналған жүйе;
      3) бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе (бұдан әрi - БНAЖ) - бұл нотариалдық қызметтi автоматтандыруға, әдiлет және нотариалдық палаталар органдарының өзара-әрекеттестiгiне арналған аппаратты-бағдарламалық жүйе;
      4) ЖAО AЖ - жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық жүйесi;
      5) ЖAО - жергiлiктi атқарушы орган - мемлекеттiк қызметтi тiкелей көрсетушi «Aлматы қаласы Бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
      6) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi - ЖСН) - жеке тұлғаға, соның iшiнде жеке кәсiпкерлiк сипатындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерге арнап қалыптастырылған бiрегей нөмiр;
      7) ЖТ ММБ - «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк мәлiметтер базасы;
      8) халыққа қызмет көрсету орталықтарының бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесi (бұдан әрi - ХҚКО AЖ) - тұрғындарға қызмет көрсету үдерiсiн Қазақстан Республикасының халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар тиiстi министрлiктер мен ведомстволар арқылы автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
      9) электрондық құжат - ақпаратты электронды-сандық үлгiде тапсыратын және ЭЦҚ куәландырылған құжат;
      10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi - ЭЦҚ) ? электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың анықтығын, оның қатыстылығын және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық сандық символдар жиынтығы;
      11) «электрондық үкiмет» шлюзi (бұдан әрi - ЭҮШ) - электрондық қызметтердi жүзеге асыру аясында «электрондық үкiмет» ақпараттық жүйесiн бiрiктiру үшiн арналған ақпараттық жүйе;
      12) «электрондық үкiметтiң» аймақтық шлюзi (бұдан әрi - ЭҮAШ) - электрондық қызметтердi iске асыру аясында «электрондық әкiмдiк» ақпараттық жүйелерiн бiрiктiруге арналған «электрондық үкiмет» шлюзiнiң қосалқы жүйесi.
      6. Жұмыс кестесi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушi: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесi бойынша демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн.
      Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн жүргiзiледi.
      Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;
      2) ХҚКО: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, белгiленген жұмыс кестесi бойынша демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - сенбi аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссiз жүргiзiледi.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша қабылдау «электронды» кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады, электронды кезектi портал арқылы брондауға болады.
      3) ЭҮП: тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) iс-әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      7. Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алу мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасымен құжаттарды қабылдау және өтiнiштi тiркеу, рәсiмнiң ұзақтығы - 5 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысымен қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң жауапты тұлғасына орындау үшiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 5 минут;
      3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 20 минут.
      9. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасымен көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қарауына көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған өтiнiш пен құжаттарды беру;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушi маманының мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн ресiмдеуi;
      3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) өзара әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      10. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы.
      11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiн сипаттау:
      1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар түскен соң көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi тiркеу журналына тiркеудi жүзеге асырады, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қарау үшiн бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 5 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң маманына орындау үшiн бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 5 минут;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестiгiн тексередi, ұсынылған құжаттарды тексерiп, талдау жасағаннан кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мектепке дейiнгi балалар ұйымына жолдаманы, мектепке дейiнгi ұйымдарда орын болмаған жағдайда кезектiлiк нөмiрi көрсетiлген кезекке қою туралы хабарламаны көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 20 минут.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, ХҚКО-ға, ЭҮП-да жүгiнген сәтiнен бастап - 30 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе ХҚКО-ның қызмет көрсетуiнiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара
әрекет тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет
көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi
қолдану тәртiбiнiң сипаттамасы

      13. Мемлекеттiк қызметтi ХҚКО арқылы көрсетуге қажеттi құжаттарды қабылдау кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға:
      1) сұрау салудың нөмiрi мен қабылданған күнi;
      2) сұратылып отырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттарды беру күнi, уақыты және орны;
      5) құжаттарды рәсiмдеуге қабылдаған орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      6) көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiлген тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
      Көрсетiлетiн қызметтi берушi немесе ХҚКО-ның қызметкерi жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлiгi, мектепке дейiнгi ұйымға бiрiншi кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәлiметтердi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден «электронды үкiмет» шлюзi арқылы алады.
      Көрсетiлетiн қызметтi берушi немесе ХҚКО-ның қызметкерi Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпиясы бар мәлiметтерiн пайдалануға келiсiм алады.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.
      14. ХҚКО қызметкерiнiң ХҚКО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының сұратуын тiркеу және өңдеу кезiндегi iс-қимылдарының сипаттамасы:
      1) 1 үдерiс - ХҚКО қызметкерiнiң ХҚКО AЖ AЖО-да мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн логин мен парольдi енгiзуi;
      2) 2 үдерiс - ХҚКО қызметкерiнiң осы Регламентте көрсетiлген мемлекеттiк қызметтi таңдауы, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн экранға тапсырыс үлгiсiн шығару және ХҚКО қызметкерiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiн, сонымен қатар көрсетiлетiн қызметтi алушы өкiлiнiң сенiмхаты бойынша мәлiметтердi (нотариалдық түрде куәландырылған сенiмхат, сенiмхаттың басқа куәлiгi болғанда - сенiмхат мәлiметтерi толтырылмайды);
      3) 3 үдерiс - ЭҮШ арқылы ЖТ ММБ көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерi туралы, сонымен қатар БНAЖ-да көрсетiлетiн қызметтi алушы өкiлiнiң мәлiметтерi туралы тапсырысты жiберу;
      4) 1 шарт - көрсетiлетiн қызметтi алушы мәлiметтерiнiң ЖТ ММБ болуын, БНAЖ-де сенiмхат мәлiметтерiн тексеру;
      5) 4 үдерiс - ЖТ ММБ көрсетiлетiн қызметтi алушы мәлiметтерiнiң, БНAЖ-де сенiмхат мәлiметтерiнiң болмауына байланысты мәлiметтердi алу мүмкiн еместiгi туралы хабарлама қалыптастыру;
      6) 5 үдерiс - ХҚКО қызметкерiнiң қағаз үлгiсiндегi құжаттардың болуы туралы тапсырысты толтыруы және көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды сканерден өткiзуi, оларды тапсырыс нысанына тiркеуi және мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн толтырылған нысанды (енгiзiлген мәлiметтердi) ЭЦҚ арқылы қол қоюы;
      7) 6 үдерiс - ЭҮШ арқылы ЭҮAШ AЖО-на ХҚКО қызметкерiнiң ЭЦҚ расталған (қол қойылған) электронды құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушы тапсырысын) жiберу;
      8) 7 үдерiс - электронды құжатты AЭҮШ AЖО электронды құжатты тiркеу;
      9) 2 шарт - ЖAО көрсетiлетiн қызметтi алушымен қоса берiлген Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген құжаттардың және мемлекеттiк қызметтi көрсету негiздемелерiнiң сәйкестiгiн тексеруi (өңдеуi);
      10) 8 үдерiс - көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттарының бұзылушылықтары болғандықтан, тапсырыс берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 9 үдерiс - көрсетiлетiн қызметтi алушының ХҚКО қызметкерi арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн (анықтаманы) алуы.
      15. Осы Регламенттiң 1-қосымшасында ХҚКО қызметкерiнiң ХҚКО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының сұратуын тiркеу және өңдеу кезiндегi iс-қимылдарының сипаттамасы (мемлекеттiк қызмет көрсетуде тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекеттестiгiнiң № 1 диаграммасы) көрсетiлген.
      16. ЭҮП арқылы жүгiнген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң сұранысын қабылдау туралы, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу күнi және уақыты көрсетiлген хабарлама мәртебесi жiберiледi.
      ЭҮП-да электрондық сұранысты қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» жүзеге асырылады.
      Жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлiгi, мектепке дейiнгi ұйымға бiрiншi кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi алушы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден «электронды үкiмет» шлюзi арқылы алады.
       17. ЭҮП арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлген қызмет берушi мен көрсетiлген қызмет алушының өтiнiш жасауы және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiнiң сипаттамасы:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы ЖСН және пароль арқылы ЭҮП тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады);
      2) 1 үдерiс - көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ЖСН мен парольдi ЭҮП енгiзу үдерiсi (авторизациялау үдерiсi);
      3) 1 шарт - ЭҮП тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы жайлы мәлiметтердiң түпнұсқалылығын ЖСН мен пароль арқылы тексеру;
      4) 2 үдерiс - көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде бұзылушылықтардың болуына байланысты ЭҮП авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3 үдерiс - көрсетiлетiн қызметтi алушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн экранға тапсырыс үлгiсiн шығару және көрсетiлетiн қызметтi алушының құрылымы мен нысандық талаптарын ескере отырып, үлгiнi толтыруы (мәлiметтердi енгiзу), тапсырыс үлгiсiне Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттардың көшiрмесiн электронды түрде тiркеу, сонымен қатар тапсырысты растау үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
      6) 2 шарт - ЭҮП ЭЦҚ-дың тiркеу куәлiгiнiң жарамдылық мерзiмiн және қайтарылып алынған (жойылған) тiркеу куәлiктерi тiзiмiнде болмауын, сонымен қатар жеке сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгiн (тапсырыста көрсетiлген ЖСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН арасында) тексеру;
      7) 4 үдерiс - көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты тапсырыс берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5 үдерiс - көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн тапсырысты куәландыруы және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өңдеуi үшiн ЭҮШ арқылы AЭҮШ AЖО-на электронды құжатты (тапсырысты) жiберу;
      9) 6 үдерiс - электронды құжатты AЭҮШ AЖО-на тiркеу;
      10) 3 шарт - тапсырыс берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушымен қоса берiлген Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген құжаттарын және мемлекеттiк қызмет көрсету негiздемелерiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң тексеруi (өңдеуi);
      11) 7 үдерiс - көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарында бұзылушылықтардың болуына байланысты тапсырыс берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 8 үдерiс - көрсетiлетiн қызметтi алушының AЭҮШ AЖО қалыптастырылған мемлекеттiк қызмет нәтижесiн (электрондық құжат түрiндегi қолхат) алуы. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптасады, көрсетiлетiн қызметтi алушы ЖСН және парольдiң көмегiмен ЭҮП тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП-да тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады).
      18. Осы Регламенттiң қосымшасында ЭҮП арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлген қызмет берушi мен көрсетiлген қызмет алушының өтiнiш жасауы және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгi (мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекеттестiгiнiң № 2 диаграммасы) көрсетiлген.
      19. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету үдерiсiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретi, толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына
жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн)
жастағы балаларды кезекке қою»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiне
1-қосымша

ХҚКО арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуде
тартылған графикалық нысандағы ақпараттық
жүйелердiң функционалдық өзара
әрекеттестiгiнiң № 1 диаграммасы

 

ЭҮП арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге
тартылған графикалық нысандағы
ақпараттық жүйелердiң функционалдық
өзара әрекеттестiгiнiң № 2 диаграммасы

 

Кесте. Шартты белгiлер

 

«Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына
жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн)
жастағы балаларды кезекке қою»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiне
2-қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы

 

Шартты белгiлер

 

Aлматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 08 тамыздағы
№ 3/500 қаулысымен
бекiтiлдi

«Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және балаларды қабылдау»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (бұдан әрi - Регламент) «Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 7 сәуiрдегi № 172 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi - Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Aлматы қаласының барлық үлгiдегi және түрдегi мектепке дейiнгi ұйымдары арқылы көрсетiледi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарды қабылдау және беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi: баланың ата-анасының бiрiнiң немесе заңды өкiлiнiң өтiнiшi негiзiнде баланы мектепке дейiнгi ұйымға қабылдау.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
      4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) iс-әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алу мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысымен көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тексеру, рәсiмнiң ұзақтығы - 5 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 25 минут.
      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн ресiмдеуi;
      2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) өзара әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы.
      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiн сипаттау:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы көрсетiлетiн қызметi алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және Стандарттың 9 тармағына сәйкестiгiн тексередi;
      2) ұсынылған құжаттарды тексерiп, талдау жасағаннан кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы баланы мектепке дейiнгi ұйымға қабылдайды, баланы мектепке дейiнгi ұйымға қабылдау кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушi мен көрсетiлетiн қызметтi алушы арасында шарт жасалады, рәсiмнiң ұзақтығы - 25 минут.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 30 минут;
      2) құжаттарды қабылдау сәтiне дейiнгi күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiмен - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - жұма аралығында, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн.
      Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;
      12. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету үдерiсiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретi, толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы

 

Шартты белгiлер