Орта бiлiм беру саласында Алма...

Орта бiлiм беру саласында Алматы қаласы Бiлiм басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Орта бiлiм беру саласында Алматы қаласы Бiлiм басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 10 қыркүйектегi № 3/542 қаулысы. Алматы қаласы Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 08 қазанда № 1210 болып тiркелдi

 

"Алматы Ақшамы" 22.10.2015 ж. № 128 (5162); "Вечерний Алматы" от 22.10.2015 г. № 127 (12964); "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесi 21.10.2015 ж.; Информационно-правовая система "Әдiлет" 21.10.2015 г.


 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 8 сәуiрдегi № 179 «Орта бiлiм беру саласында жергiлiктi атқарушы органдармен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
      2) «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
      3) «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.
      2. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Алматы қаласының әкiмi            Б. Байбек

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 10 қыркүйектегi
№ 3/542 қаулысымен бекiтiлдi

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм
берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары
бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына құжаттар
қабылдау және оқуға қабылдау»мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi(бұдан әрi – Регламент) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 8 сәуiрдегi № 179 бұйрығымен бекiтiлген «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Алматы қаласының бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдары арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;
      2) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны: электронды, қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi: құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және жаңа оқу жылынан бастап бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн ұсыну нысаны: электронды, қағаз түрiнде.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн қағаз жеткiзгiште алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде нәтижесi қағаз жеткiзгiште ресiмделедi.
      ЭҮП арқылы жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында бiлiм беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келедi.
      4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.
      5. Осы Регламентте қолданылатын түсiнiктер мен қысқартулар:
      1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрi – АЖО);
      2) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi - ЖСН);
      3) ақпараттық жүйе (бұдан әрi - АЖ) – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолдану арқылы ақпаратты сақтау, өңдеу, iздестiру, тарату, жеткiзу және тапсыру үшiн арналған жүйе;
      4) бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе (бұдан әрi – БНАЖ) – бұл нотариалдық қызметтi автоматтандыруға, әдiлет және нотариалдық палаталар органдарының өзара-әрекеттестiгiне арналған аппаратты-бағдарламалық жүйе;
      5) ЖАО АЖ – жергiлiктi атқарушы орган ақпараттық жүйесi;
      6) ЖАО - жергiлiктi атқарушы орган – мемлекеттiк қызметтi тiкелей көрсетушi «Алматы қаласы Бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
      7) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi - ЖСН) – жеке тұлғаға, соның iшiнде жеке кәсiпкерлiк сипатындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерге арнап қалыптастырылған бiрегей нөмiр;
      8) ЖТ ММБ - «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк мәлiметтер базасы;
      9) халыққа қызмет көрсету орталықтарының бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесi (бұдан әрi – ХҚКО АЖ) – тұрғындарға қызмет көрсету үдерiсiн Қазақстан Республикасының халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар тиiстi министрлiктер мен ведомстволар арқылы автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
      10) электрондық құжат – ақпаратты электронды-сандық үлгiде тапсыратын және ЭЦҚ куәландырылған құжат;
      11) электрондық мемлекеттiк қызмет – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы электрондық үлгiде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет;
      12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi - ЭЦҚ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың анықтығын, оның қатыстылығын және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық сандық символдар жиынтығы;
      13) «электрондық үкiмет» шлюзi (бұдан әрi - ЭҮШ) – электрондық қызметтердi жүзеге асыру аясында «электрондық үкiмет» ақпараттық жүйесiн бiрiктiру үшiн арналған ақпараттық жүйе;
      14) «электрондық үкiметтiң» аймақтық шлюзi (бұдан әрi - ЭҮАШ) – электрондық қызметтердi iске асыру аясында «электрондық әкiмдiк» ақпараттық жүйелерiн бiрiктiруге арналған «электрондық үкiмет» шлюзiнiң қосалқы жүйесi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiнқызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң(қызметкерлерiнiң)
iс-әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      6. Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алу мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасымен құжаттарды қабылдау және өтiнiштi тiркеу, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы - бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылдау үшiн:
      оқудың күндiзгi және кешкi нысанына – 30 тамыздан кешiктiрмей;
      бiрiншi сыныпқа – 1 маусым мен 30 тамыз аралығында.
      8. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасымен көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қарауына көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған өтiнiштi және құжаттарды ұсынуы;
      2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтiберушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
өзара әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      9. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы.
      10. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы өтiнiштi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi тiркеу журналына тiркеудi жүзеге асырады, құжаттарды қабылдау кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға Стандартқа 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестiгiн тексередi, ұсынылған құжаттарды тексерiп, талдау жасағаннан кейiн жаңа оқу жылынан бастап бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығарады, рәсiмнiң ұзақтығы - бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылдау үшiн:
      оқудың күндiзгi және кешкi нысанына - 30 тамыздан кешiктiрмей;
      бiрiншi сыныпқа - 1 маусым мен 30 тамыз аралығында.
      11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) көрсетiлетiн қызмет берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгiнген кезде - қолхат алу үшiн бес жұмыс күнi;
      бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылдау үшiн:
      оқудың күндiзгi және кешкi нысанына - 30 тамыздан кешiктiрмей;
      бiрiншi сыныпқа - 1 маусым мен 30 тамыз аралығында;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
      12. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы-Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - жұма аралығында, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;
      13. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету үдерiсiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретi, толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

4. Өзара әрекет тәртiбiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк
қызмет көрсету процесiнде ақпараттық
жүйелердi қолдану тәртiбiнiң сипаттамасы

      14. Көрсетiлетiн қызметтi алушы ЭҮП арқылы жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алуышының жеке басын растайтын құжаттың, баланың туу туралы куәлiгiнiң (егер 2008 жылдан кейiн туылса) деректерi туралы мәлiметтердi «электронды үкiмет» шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭҮП арқылы жүгiнген кезде «жеке кабинетiне» ЭЦҚ-мен расталған электронды құжат нысанында мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұратудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жолданады.
      15. ЭҮП арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлген қызмет берушi мен көрсетiлген қызмет алушының өтiнiш жасауы және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiнiң сипаттамасы:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы ЖСН және пароль арқылы ЭҮП тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады);
      2) 1 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ЖСН мен парольдi ЭҮП енгiзу үдерiсi (авторизациялау үдерiсi);
      3) 1 шарт – ЭҮП тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы жайлы мәлiметтердiң түпнұсқалылығын ЖСН мен пароль арқылытексеру;
      4) 2 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде бұзылушылықтардың болуына байланысты ЭҮП авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн экранға тапсырыс үлгiсiн шығару және көрсетiлетiн қызметтi алушының құрылымы мен нысандық талаптарын ескере отырып, үлгiнi толтыруы (мәлiметтердi енгiзу), тапсырыс үлгiсiне Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттардың көшiрмесiн электронды түрде тiркеу, сонымен қатар тапсырысты растау үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
      6) 2 шарт – ЭҮП ЭЦҚ-дың тiркеу куәлiгiнiң жарамдылық мерзiмiн және қайтарылып алынған (жойылған) тiркеу куәлiктерi тiзiмiнде болмауын, сонымен қатар жеке сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгiн (тапсырыста көрсетiлген ЖСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН арасында) тексеру;
      7) 4 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты тапсырыс берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн тапсырысты куәландыруы және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өңдеуi үшiн ЭҮШ арқылы АЭҮШ АЖО-на электронды құжатты (тапсырысты) жiберу;
      9) 6 үдерiс – электронды құжатты АЭҮШ АЖО-на тiркеу;
      10) 3 шарт – тапсырыс берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушымен қоса берiлген Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген құжаттарын және мемлекеттiк қызмет көрсету негiздемелерiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң тексеруi (өңдеуi);
      11) 7 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарында бұзылушылықтардың болуына байланысты тапсырыс берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 8 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының АЭҮШ АЖО қалыптастырылған мемлекеттiк қызмет нәтижесiн (электрондық құжат түрiндегi қолхат) алуы. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптасады, көрсетiлетiн қызметтi алушы ЖСН және парольдiң көмегiмен ЭҮП тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП-да тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады).
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекеттестiгiнiң диаграммасы осы Регламенттiң 2 қосымшасында көрсетiлген.

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта
бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн
бағдарламалары бойынша оқыту үшiн
ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына
құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiне
1 қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң
бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

 

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта
бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн
бағдарламалары бойынша оқыту үшiн
ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына
құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiне
2 қосымша
 

ЭҮП арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге
тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң
функционалдық өзара әрекеттестiгiнiң диаграммасы

 

 

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 10 қыркүйектегi
№ 3/542 қаулысымен бекiтiлдi

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында
экстернат нысанында оқытуға рұқсат
беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (бұдан әрi – Регламент)Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 8 сәуiрдегi № 179 бұйрығымен бекiтiлген «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметстандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Алматы қаласы Бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiарқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерiн беру:
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы бұйрығының көшiрмесi немесе бұйрықтың нөмiрi мен шығарылған күнi көрсетiлген хат болып табылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
      4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiнқызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң(қызметкерлерiнiң)
iс-әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алу мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы арқылыкөрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қарау үшiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманының мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн ресiмдеуi,рәсiмнiң ұзақтығы -13 жұмыс күнi;
      3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру,рәсiмнiң ұзақтығы -1 жұмыс күнi.
      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң маманына орындау үшiн беруi;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысыныңкөрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiне қол қоюы;
      3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтiберушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
өзара әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы.
      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасындағы өзара әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қарауына бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманына орындау үшiн бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 1 сағат;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы құжаттардың толықтығын тексередi, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы бұйрығының көшiрмесiн немесе бұйрықтың нөмiрi мен шығарылған күнi көрсетiлген хатты дайындайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қол қойдырады, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қол қойғаннан кейiн көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн ХҚКО-ның қызметкерiне беру үшiн мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасына бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 13 жұмыс күнi;
      4) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасыкөрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн ХҚКО-ның қызметкерiне бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 1 жұмыс күнi.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) құжаттар топтамасын ХҚКО-на тапсырған сәттен бастап 15 жұмыс күнi;
      ХҚКО-на өтiнiш берген қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiге көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетуiнiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      4) көрсетiлетiн қызметтi алушы аттестаттаудан өту үшiн өтiнiштi ағымдағы оқу жылының 1 желтоқсанынан кешiктiрмей бередi.
      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы-Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - жұма аралығында, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн жүзеге асырылады.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен
өзара әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. ХҚКО-ға жүгiну тәртiбiнiң, әр үдерiстiң көрсету ұзақтығының сипаттамасы:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген өтiнiштi және қажеттi құжаттарды ХҚКО-ның қызметкерiне тапсырады, құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға: сұратуды қабылдау нөмiрi мен күнiн, сұратылатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрiн, қоса берiлген құжаттар саны мен атауын, құжаттардың берiлетiн күнi (уақыты) мен орнын, құжаттарды ресiмдеуге өтiнiш қабылдаған ХҚКО қызметкерiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болса) көрсете отырып, Стандартқа 2 қосымшаға сәйкес тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) ХҚКО қызметкерi құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және ХҚКО-ның жинақтаушы бөлiмiне көрсетiлетен қызметтi берушiге жiберу үшiн жолдайды, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      3) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қарауына бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң маманына орындау үшiн бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 1 сағат;
      5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы құжаттардың толықтығын тексередi, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы бұйрығының көшiрмесiн немесе бұйрықтың нөмiрi мен шығарылған күнi көрсетiлген хатты дайындайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қол қойдырады, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қол қойғаннан кейiн көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн ХҚКО-ның қызметкерiне беру үшiн мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасынабередi,рәсiмнiң ұзақтығы - 13 жұмыс күнi;
      6) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасыкөрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн ХҚКО-ның қызметкерiне бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 1 жұмыс күнi;
      7) ХҚКО-ның қызметкерiкөрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiнкөрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi,рәсiмнiң ұзақтығы – 15 минут.
      Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетiлетiн қызметтi берушi мен ХҚКО қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.
      Көрсетiлген қызметтi берушiнiң қызметкерi мемлекеттiк ақпараттық жүйеде тұрған Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн шығарылған жеке тұлғаны куәландыратын құжаттар, туу туралы куәлiк туралы мәлiметтердi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      ХҚКО-да дайын құжаттарды беру тиiстi құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхаттың негiзiнде, жеке тұлғаны куәландыратын құжатты (немесе оның өкiлiнiң нотариалды расталған сенiмхатын) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
      ХҚКО көрсетiлетiн қызмет нәтижесiнiң бiр ай мерзiм бойында сақталуын қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн жiбередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн хабарласқан жағдайда ХҚКО-ның сұранысы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн бiр жұмыс күнiнiң iшiнде ХҚКО-на жiбередi.
      13. Стандартының 9 тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.
      14. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету үдерiсiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретi, толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.
      15. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру ХҚКО-да Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ға дейiн үзiлiссiз жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша жүргiзiледi, «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы электронды кезектi «брондауға» болады.

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм
беру ұйымдарында экстернат нысанында
оқытуға рұқсат беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентiне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң
бизнес-процестерiнiң анықтамалығ

 

 

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 10 қыркүйектегi
№ 3/542 қаулысымен бекiтiлдi

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы
құжаттардың телнұсқаларын беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (бұдан әрi – Регламент) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 8 сәуiрдегi № 179 бұйрығымен бекiтiлген «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Алматы қаласының негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдары арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын беру болып табылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
      4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы).

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiнқызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң(қызметкерлерiнiң)
iс-әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алу мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасымен өтiнiштi тiркеу және құжаттарды қабылдау, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының өтiнiштi қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруi, рәсiмнiң ұзақтығы – 1 сағат;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасымен мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн ресiмдеуi, рәсiмнiң ұзақтығы – 13 жұмыс күнi;
      4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы – 1 жұмыс күнi.
      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң жауапты тұлғасына орындау үшiн беру;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы арқылытехникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттың телнұсқасына қол қоюы;
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтiберушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
өзара әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы.
      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы өтiнiштi тiркейдi, құжаттарды қабылдайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қарау үшiн жолдайды,рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң жауапты тұлғасына орындау үшiн бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 1 сағат;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы құжаттардың толықтығын тексередi, негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын дайындайды, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қол қойдырады, содан кейiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасына бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 13 жұмыс күнi;
      4) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 1 жұмыс күнi.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе ХҚКО-ға өтiнiш берген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 15 жұмыс күнi;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн кезек күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы-Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - жұма аралығында, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн жүзеге асырылады.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара
әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. ХҚКО-ға жүгiну тәртiбiн, әр үдерiстiң көрсету ұзақтығының сипаттамасы:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген өтiнiштi және қажеттi құжаттарды ХҚКО-ның қызметкерiне тапсырады, құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға: сұратуды қабылдау нөмiрi мен күнiн, сұратылатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрiн, қоса берiлген құжаттар саны мен атауын, құжаттардың берiлетiн күнi (уақыты) мен орнын, құжаттарды ресiмдеуге өтiнiш қабылдаған ХҚКО қызметкерiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болса) көрсете отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) ХҚКО қызметкерi құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және ХҚКО-ның жинақтаушы бөлiмiне көрсетiлетен қызметтi берушiге жiберу үшiн жолдайды, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      3) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы өтiнiштi тiркейдi, құжаттарды қабылдайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қарау үшiн жолдайды,рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң жауапты тұлғасына орындау үшiн бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 1 сағат;
      5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы құжаттардың толықтығын тексередi, негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын дайындайды, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қол қойдырады, содан кейiн ХҚКО-ның қызметкерiне беру үшiн мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасына бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 13 жұмыс күнi;
      6) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын ХҚКО-ның қызметкерiне бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 1 жұмыс күнi.
      7) ХҚКО-ның қызметкерi негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 15 минут.
      Мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде тұрған Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылдан кейiн шығарылған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар, туу туралы куәлiктер туралы мәлiметтi көрсетiлген қызметтi берушiнiң қызметкерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетiлетiн қызметтi берушi мен ХҚКО қызметкерi мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетiлетiн қызметтi алушыдан ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәлiметтердi пайдалануға келiсiмiн алады.
      ХҚКО-да дайын құжаттарды беру жеке куәлiктi (немесе нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) көрсеткен жағдайда қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.
      ХҚКО нәтиженiң бiр ай мерзiм iшiнде сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оны көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн жiбередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн хабарласқан жағдайда, ХҚКО-ның сұранысы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн бiр жұмыс күнiнiң iшiнде ХҚКО-ға жiбередi.
      13. Көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.
      14. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету үдерiсiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретi, толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.
      15. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ға дейiн үзiлiссiз жүзеге асырылады.
      Қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының таңдауы бойынша жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, «электронды үкiмет» веб-порталы арқылы электронды кезектi «броньдау» мүмкiндiгi бар.

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы
құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентiне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң
бизнес-процестерiнiң анықтамалығы