Техникалық және кәсiптiк бiлiм...

Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 08 шiлдедегi № 3/428 қаулысы. Алматы қаласы Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 30 шiлдеде № 1185 болып тiркелдi

 

"Алматы Ақшамы" 08.08.2015 ж. № 95-96 (5130); "Вечерний Алматы" от 08.08.2015 г. № 95 (12932); "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесi 05.08.2015 ж.; Информационно-правовая система "Әдiлет" 05.08.2015 г.


 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 14 сәуiрдегi № 200 «Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
      2) «Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға жатақхана беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
      3) «Техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.
      2. Күштерi жойылды деп танылсын:
      1) Алматы қаласы әкiмдiгiнiң «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiн бекiту туралы» 2014 жылғы 31 қазандағы № 4/909 қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1109 болып тiркелген, 2014 жылғы 9 желтоқсанда «Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы» газеттерiнде жарияланған);
      2) Алматы қаласы әкiмдiгiнiң «Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» 2014 жылғы 31 қазандағы № 4/910 қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1110 болып тiркелген, 2014 жылғы 9 желтоқсанда «Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы» газеттерiнде жарияланған).
      3. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсiн.
      5. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Алматы қаласының әкiмi        А. Есiмов

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 08 шiлдедегi
№ 3/428 қаулысымен бекiтiлдi

«Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен
кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 14 сәуiрдегi№ 200 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Алматы қаласының техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн оқу орындары арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi Стандартқа 1 қосымшаға сәйкес техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.
      4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алу мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қабылдау комиссиясының қызметкерiмен құжаттарды қабылдау, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут.
      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;
      2) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қабылдау комиссиясы.
      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiн сипаттау:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiштi Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттармен қоса ұсынып көрсетiлетiн қызметтi берушiге бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 5 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қабылдау комиссиясының қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған өтiнiш пен құжаттардың түпнұсқалығын тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiн жазады, өтiнiштi «Оқуға түсушiлердi бiлiм алушылардың қатарына тiркеу кiтабына» тiркейдi, көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке iсiн қалыптастырады және көрсетiлетiн қызметтi алушыға техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 10 минут.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) мыналарға түсетiн көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:
      күндiзгi оқу нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;
      сырттай (кешкi) оқу нысанына – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;
      2) көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiмен – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - жұма аралығында, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн.
      Алдын ала жазылу және жеделдетiп қызмет көрсету көзделмеген.
      12. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету үдерiсiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретi, толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау»
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентiне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы

 

 

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 08 шiлдедегi
№ 3/428 қаулысымен бекiтiлдi

«Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында
бiлiм алушыларға жатақхана беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға жатақхана беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi «Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға жатақхана беру» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 14 сәуiрдегi № 200 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға жатақхана беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Алматы қаласының жатақханасы бар техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.
      3.Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша жатақхана беру туралы жолдама.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
      4. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алу мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушi оқу бөлiмiнiң қызметкерiмен құжаттарды қабылдау,рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жатақхана беру жөнiндегi комиссиясының келiп түскен құжаттардың толықтығын тексеру, көрсетiлетiн қызметту алушының мағұлматтарын зерттеуi, шешiм қабылдау, рәсiмнiң ұзақтығы - 6 жұмыс күнi;
      3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру,рәсiмнiң ұзақтығы - 1 жұмыс күнi.
      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысымен техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға жатақхана беру туралы жолдамаға қол қою;
      3) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң оқу бөлiмi қызметкерi;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жатақхана беру жөнiндегi комиссиясы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы.
      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiн сипаттау:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды қоса отырып, Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiде өтiнiш бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң оқу бөлiмi қызметкерi құжаттарды қабылдауды, тексерудуi, тiркеудi, құжаттарды қабылдағаны туралы көрсетiлетiн қызметтi алушыға қолхат берудi жүзеге асырады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жатақхана беру жөнiндегi комиссиясына тапсырады;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жатақхана беру жөнiндегi комиссиясы келiп түскен құжаттарды қарайды және мемлекеттiк қызмет көрсету туралы шешiм қабылдайды, рәсiмнiң ұзақтығы - 6 жұмыс күнi;
      4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң оқу бөлiмi қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жатақхана беру жөнiндегi комиссиясы шешiм қабылдағаннан кейiн құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қол қоюға жiбередi, рәсiмнiң ұзақтығы -1 жұмыс күнi;
      5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы жолдамаға қол қояды, рәсiмнiң ұзақтығы - 1 жұмыс күнi;
      6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң оқу бөлiмi қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 1 жұмыс күнiнен артық емес.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылар (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап– 10 жұмыс күнi;
      2) көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiмен – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - жұма аралығында, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Техникалық және кәсiптiк бiлiм
беру ұйымдарында бiлiм алушыларға
жатақхана беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентiне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы

 

 

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 08 шiлдедегi
№ 3/428 қаулысымен бекiтiлдi

«Техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы
құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру»мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi «Техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым Министрiнiң 2015 жылғы 14 сәуiрдегi № 200 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Алматы қаласының техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетi «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi – техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттардың телнұсқасы.
      Мемлекеттiк қызмет нәтижесiн беру нысаны: қағаз жүзiнде.
      4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алуы мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) ХКО-ның қызметкерiмен немесе көрсетiлетiн қызметтi берушi оқу бөлiмiнiң қызметкерiмен өтiнiштi тiркеу және құжаттарды қабылдау, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының өтiнiштi қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруi, рәсiмнiң ұзақтығы – 1 жұмыс күнi;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасысымен мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн ресiмдеуi, рәсiмнiң ұзақтығы – күнтiзбелiк 27 жұмыс күнi;
      4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы – 1 жұмыс күнi.
      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң жауапты тұлғасына орындау үшiн беру;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысымен техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттың телнұсқасына қол қоюы;
      4) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң оқу бөлiмi қызметкерi;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы.
      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiн сипаттау:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң оқу бөлiмi қызметкерi өтiнiштi тiркейдi, құжаттарды қабылдайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қарау үшiн жолдайды, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң жауапты тұлғасына орындау үшiн бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 1 жұмыс күнi;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы құжаттардың толықтығын тексередi, техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын дайындайды, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қол қойдырады, содан кейiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң оқу бөлiмi қызметкерiне бередi, рәсiмнiң ұзақтығы –27 жұмыс күнi;
      4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң оқу бөлiмi қызметкерi техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 27 жұмыс күнi.
      10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, ХҚО-ға қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 күнтiзбелiк күн;
      ХҚО-ға жүгiнген жағдайда қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.
      2) көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 10 минут, ХҚО-да – 15 минут;
      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiмен – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - жұма аралығында, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара
әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. ХҚО жүгiну тәртiбiн, әр үдерiстiң көрсету ұзақтығын сипаттау:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9–тармағында көрсетiлген өтiнiштi және қажеттi құжаттарды ХҚО инспекторына тапсырады, құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға: сұратуды қабылдау нөмiрi мен күнiн, сұратылатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрiн, қоса берiлген құжаттар саны мен атауын, құжаттардың берiлетiн күнi (уақыты) мен орнын, құжаттарды ресiмдеуге өтiнiш қабылдаған ХҚО қызметкерiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болса) көрсете отырып, Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) ХҚО инспекторы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және 2 (екi) күнтiзбелiк күн iшiнде ХҚО жинақтаушы бөлiмiне көрсетiлетен қызметтi берушiге жiберу үшiн жолдайды, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң оқу бөлiмi қызметкерi өтiнiштi тiркейдi, құжаттарды қабылдайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қарау үшiн жолдайды,рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң жауапты тұлғасына орындау үшiн бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 1 жұмыс күнi;
      5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы құжаттардың толықтығын тексередi, техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын дайындайды, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қол қойдырады, содан кейiн ХҚО-ның қызметкерiне беру үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң оқу бөлiмi қызметкерiне бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 27 жұмыс күнi;
      6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң оқу бөлiмi қызметкерi техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын ХҚО-ның қызметкерiне бередi;
      7) ХҚО инспекторы техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi.
      ХҚО-да дайын құжаттарды беру жеке куәлiктi (немесе нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) көрсеткен жағдайда қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.
      ХҚО мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн бiр ай iшiнде сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды әрi қарай сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген жағдайда ХҚО сұрауы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн ХҚО-ға дайын құжаттарды жiбередi.
      Мемлекеттiк ақпараттық ресурс болып табылатын көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын растайтын құжаттың мәлiметтерiн ХҚО қызметкерi «Электрондық үкiмет» шлюзы арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушы ХҚО беретiн нысан бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпия мәлiметтердi пайдалануға жазбаша келiсiмiн бередi.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.
      13. Көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.
      14. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету үдерiсiнде рәсiмдердiң(iс-қимылдардың) ретi, толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.
      15. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ға дейiн үзiлiссiз жүзеге асырылады.

«Техникалық және кәсiптiк бiлiм
туралы құжаттардың телнұсқаларын
беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентiне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы